Парижде Астана қаласының мәдени күндері өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде Астана қаласының мәдени күндері өтіп жатыр

01.11.2014
Парижде Астана қаласының мәдени күндері өтіп жатыр

Парижде Астана қаласының мәдени күндерінің бүгін екінші күні.

Айнала тігілген ақшаңқан үйлер, алтыбақан тепкен қыз-жігіттер. Париждің қақ ортасында бой көтерген қазақ ауылында кішкентай бүлдіршіндер асыр салып ойнап жүр. Ата жұртты аңсаған шеттегі қандастарымыз да балаша қуанып, бір-біріне қайта-қайта құтты болсын айтуда. Өйткені, әлем астанасы Парижде киіз үйін тігіп, қазанын асу тек қазаққа ғана бұйырған бақыт.

Шеттегі қазақтар ата кәсіпті ұмытпасын деп, ал еуропалықтар қазақтың қолөнер бұйымдары қалай жасалатынын білсін, деп этноауылдың бір шетінде ісмерлер шеберлік сабақтарын өткізіп отыр. Темірден түйін түйген жігіттер мен алаша тоқыған қыздардың өнерін үйренем деушілердің қарасы көп. Өнерлі қазақтарға тамсанған еуропалықтар алпамса денелі қазақтарды көріп, тіптен абдырады. Бойы 2 метрден асатын жігіттер Алтын орда, Сақ дәуіріндегі, Түрік қағанаты мен Қазақ хандығындағы батырлардың киімдерін көпшілікке паш етті.

Ертең, талғамы биік Париж жұртшылығы «Астана опера» театры ұжымының орындауындағы гала концертті тамашалайды.

Нұрсұлу ҚАСЫМ  

 

Хабарламаларға жазылу