Шағын және орта бизнесті несиелеу тетіктерін іске асыру үшін ірі қаржылық ұйымдарды жұмылдыру қажет. Өйткені кәсіпкерлер мен банктер өзара келісімге келуі қиын. Экономика саласының сарапшысы Вячеслав Додонов осындай пікірде. Мемлекет басшысы Жолдауында осы түйткілге баса мән берді. Атап айтсақ, елімізде шағын және орта кәсіпті дамытуда 42 миллиард доллар қаржы жетіспейді. Банктерде қаржы бар, алайда олар несие бермеу арқылы ел экономикасына серпін бермей отыр. Бұл ретте, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке бірқатар тапсырма берді. Шетел тәжірибесін ескеруді айтты.
Вячеслав Додонов, экономист:
Ең алдымен, кәсіпкерлер бизнес жоспарды сауатты жасап үйренуі керек. Олар ақша алуға өтініш берудің жолдарын білмей жатады. Бұл ретте, ірі қаржылық ұйымдардың консультациялық, яғни, дәнекерлік қолдауы қажет. Бұл тікелей Ұлттық банктің жұмысы.