100 мың жас жұмыспен қамтылады – Тұрғындар пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

100 мың жас жұмыспен қамтылады – Тұрғындар пікірі

01.09.2022

Президент Жолдауын Сыр өңірінің белсенді жастары да тікелей эфирден тамашалады.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Елдің әлеуметтік әлеуетін көтеруге бағытталған жаңа реформаға Қызылода өңірінің жастары да бей-жай қарамайды. Жастар ресурстық орталығының ұжымы Жолдауды мұқият тыңдап шықты. Сан-саланы қамтыған басты құжатта Президенттің жастар мәселесіне айрықша тоқталғаны көңіл қуантты. Әсіресе, келесі жылы 100 мың жасты жұмыспен қамту жөніндегі тапсырмасы көпті қуантып отыр.

Мақсат Дауылбай, жастар ресурстық орталығының директоры:

Сонымен бірге кәсіпке бейімі бар, кәсіпке икемделетін, кәсіпті бастағысы келетін жастарға қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан несиелермен аз пайызды қамтамасыз ету секілді нақты іс-шараларды ұсынып отыр осы Жолдауда.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Жалпы облыста 171 мыңның үстінде жас болса, соның 10-14 пайызы бүгінде жұмыссыздар санатында. Жастар Президент Жолдауында айтылған бастамалар ойдағыдай жүзеге асса, еңбекпен қамтылу деңгейі артып, бұл көрсеткіш әлдеқайда төмендейді деген сенімде.


Хабарламаларға жазылу