Жемқорлардан тәркіленген ақша мектеп салуға жұмсалуы тиіс – Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлардан тәркіленген ақша мектеп салуға жұмсалуы тиіс – Президент

01.09.2022

Жемқорлардан тәркіленген қаражат мектеп салуға жұмсалуы тиіс. Білім саласындағы түйткілді мәселелерге тоқталған Мемлекет басшысы осылай деді. Одан бөлек, 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатынын айтты. Бұл мектеп бағдарламасы негізінде іске асады. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілмек. Сондай-ақ бүгінде 2 мен 6 жас арасындағы балалардың жартысы ғана балабақшаға барады. Сондықтан бөбектерді балабақшамен толық қамтып, оған қоса тәрбиешілердің жалақысын көтеру керек, деді Президент.


Хабарламаларға жазылу