Басты Жаңалықтар Қазақстан Пәкістанға 400 мың доллар гуманитарлық көмек көрсетеді

Қазақстан Пәкістанға 400 мың доллар гуманитарлық көмек көрсетеді

Мұндай шешім Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қабылданды. Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза тапқан. Оның 343 – бала. Таулы аймақтағы көптеген тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қираған. Қазір баспанасыз қалған 35 млн-дай адам азық-түлікке зәру болып отыр.

Бөлісу