Тарихтан тағылым: Елтеріс қағанның тарихи кешені табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихтан тағылым: Елтеріс қағанның тарихи кешені табылды

31.08.2022

Моңғолияның Номғон алқабынан Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен, түркі халықтарының тарихына ортақ тұлға - Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды. Осыған орай Елордада Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы ғалымдарының қатысуымен жиын өтті. Екі жақты бірлесіп жүргізілген ғылыми археологиялық жұмыстар нәтижесінде, Құтлық қағанның тұсында салынған тарихи кешеннен таңбалар, жазба ескерткіштер, түрлі артефактілермен қатар, олардың мерзімі анықталды. Сондай-ақ, жиында алдағы уақытта жүргізілген зерттеу нәтижелеріне арналған ғылыми жинақ әзірленіп, оны түркі мемлекеттерінің астаналарында таныстыру жоспарланып отырғаны айтылды.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

Бауырлас және Моңғолия мемлекетінің жеке қолдауымен біз осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жетіп отырғанымызға қуаныштымын. Бұл жұмыстар, сондай-ақ әріқарай жалғасады. Құтлық қағанның кешені біреуі ғана, әлі мұндай 9 кешен бар.


Хабарламаларға жазылу