Президент Катар премьер-министрінің орынбасарын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Катар премьер-министрінің орынбасарын қабылдады

31.08.2022

Қазақ-Катар қатынасы артады. Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниды қабылдады.

Кездесуде байланысты дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақты кеңейтуге, соның ішінде экономиканың негізгі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға басымдық берілді. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қарастырып, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу