Үкімет басшысы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовқа қатаң сөгіс жариялады. Сонымен қатар тәртіптік жазалау шаралары қабылданып, жауапты органдар бірқатар қызметкерін жұмыстан шығарды. Қазір барлық өңірде жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған Комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар отынның жетіспеушілігіне әсер еткен факторларды анықтайды. Сондай-ақ жағдайды қалыпқа келтіру және жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығын толық қамтамасыз ету үшін бірқатар жедел және ұзақ мерзімді шаралар қабылданды. Егер қазақстандықтар бағаны негізсіз көтеру және жанар-жағармай материалдарын сатудан бас тарту фактілерін байқаса, бірден колл-орталықтарға хабарласа алады.