Қор биржасындағы саудада доллар 7 теңгеге қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қор биржасындағы саудада доллар 7 теңгеге қымбаттады

26.08.2022

Қор биржасындағы саудада бүгін доллар 7 теңгеге қымбаттап, 472 теңге 86 тиынға теңесті. Дегенмен ұлттық валюта биыл нығайып, көк қағаз 460 теңгеге саудалануы мүмкін. Ұлттық Банк жариялаған макроэкономикалық сауалнама нәтижесі осындай. Жалпы бір айда KASE-де Америка ақшасы 8 теңгеге жуық арзандаған. Еуроның құны 474, рубль 7,8 теңге шамасында.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу