Лаоста алданған Анель Бермағанбетова елге оралмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лаоста алданған Анель Бермағанбетова елге оралмақ

26.08.2022

Лаоста кепілге алынған қазақстандық Анель Бермағанбетова босатылды. Бұл туралы оның ағасы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады. Қазір Анель Чандрадан Бангкокқа ұшып шыққан. Ол жерден бірден Қазақстанға ұшады. Қыздың туыстары бостандыққа шығаруға ат салысқандарға алғыс білдірді. Еске сала кетейік, өткен аптада бойжеткен елдің құзырлы органдарына еңбек құлдығында жүргенін мәлімдеген болатын. Жұмысқа орналастырамыз деген алаяқтар оған еліңе қайтқың келсе, кеткен шығынды өтеп бер немесе бір жыл жұмыс істе деп шарт қойған.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу