Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі атышулы қылмыстық іске қатысты жаңа мәліметтерді жария етті.
Досжан Маратұлы, тілші:
Тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі – 7 миллиард теңге. Бірақ бұл алдын ала сомма болғандықтан өзгеруі де мүмкін. Жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өзге де тұлғаларға қатысты тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр. Олар ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды және қызмет өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметтеріне қарағанда Мұхамедиұлының былығы көп. Мәселен, Ұлттық музейдің директоры болып тұрғанда «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» секілді ауқымды жобаларға бөлінген қаржыны жымқырған болуы мүмкін. Тіпті Мәдениет және спорт министрі болып тұрғанда мемлекет меншігіндегі мектептер мен ғылыми орталықтарды туыстарының атына жазған деген күдік бар.
Істің ақ-қарасын сот анықтауы тиіс. Әзірге тергеу жүріп жатыр. Оның ауқымды болғаны сонша Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін, яғни қыркүйекектің 26-сына дейін ұзартылып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан оқушылары Балқан олимпиадасында топ жарды
08.05.2026, 17:25
Саз бен сөздің саңлағы Ілия Жақанов 90 жаста
08.05.2026, 17:22
Шымкентте «Даңқ» мемориалы мен бірнеше ескерткіштің аумағы тазартылды
08.05.2026, 17:19
Астанада «Анаға тағзым» аллеясы ашылды
08.05.2026, 17:18
Кезекте тұрған тұрғындарға жаңа баспана берілді
08.05.2026, 17:16
Ұлттық ұланның салтанатты шеруі өтті
08.05.2026, 17:14
Отан қорғаушы күні: Сахнадағы рух, елдегі сенім
08.05.2026, 17:12
Ақмола облысы Родина ауылында жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 17:08