Қазақстан Дүниежүзілік банктен 346 миллион еуро қарыз алмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Дүниежүзілік банктен 346 миллион еуро қарыз алмақ

24.08.2022

Еліміз Дүниежүзілік банктен 346 миллион еуро қарыз алмақ. Халықаралық қаржы ұйымының Орталық азиядағы директоры мен еліміздің қаржы министрі бүгін осындай келісімге қол қойды.

Құжатқа сай, берешек көлемі 346 миллион еуроға жуық. Ұлттық банктің бағамымен теңгеге шақсақ, 161 миллиард теңге. Қыруар қаржы кәсіпкерлікті дамытып, бәсекелестікті арттыруға және пандемиядан кейін экономикалық өсімді қалпына келтіруге бағытталмақ. Ал қарызды қайтару мерзімі 11,5 жыл.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу