Алматылық шенеуніктер 369 млн теңге жымқырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық шенеуніктер 369 млн теңге жымқырған

23.08.2022

Алматыда қалалық спорт басқармасының бұрыңғы басшысы 360 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жариялады. Белгілі болғаны экс-шенеунік пен оның қарамағындағы қызметкерлер жеке кәсіпкермен сөз байласқан. Олар жымысқы әрекеттерін іске асыру үшін жалған шарт жасасқан. Күдіктілер мемлекеттік сатып алу шеңберінде спорттық жабдықтарды жалға алып, басқа да керек-жарақтарды сатып алған. Ал қаржыны серіктестік басшысының туыстарының шотына аударып отырған.

Айбек Мұстафин, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің аға тергеушісі:
Спорт басқармасының бұрынғы басшысы спорттық жабдықтарды жалға алуға және сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарт жасаған. Тексеріс барысында шенеуніктің 369 млн теңге көлемінде ақша жымқырғаны анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу