Әлемде 15 жастан асқан еріктілердің саны 850 млн-нан асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде 15 жастан асқан еріктілердің саны 850 млн-нан асады

19.08.2022

Қазақстандағы волонтерлік қозғалыс жүйелі негізде дамып келе жатыр. Бұл туралы елімізде алғаш рет ұйымдастырылған Орталық Азия волонтерлері форумының қорытынды сессиясында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

Сәбит Әлдебай, тілші:

TEDx talks форматындағы қорытынды форумда әлемнің түкпір-түкпірінен келген делегаттар сөз сөйлеп жатыр. Олар бір апта бойы елімізде алған әсерімен бөлісуде. Қазір елімізде волонтерлік қозғалыстың дамуына жасалған жағдай да назардан тыс қалмады. Жалпы, жастардың жақсылық жасауда жарысуы әлемдік үрдіске айналуда. Былтырдың өзінде Орта Азиядағы волонтерлік қызметке шамамен 500 мың азамат қосылып, олар 1 миллионнан астам азаматқа көмек көрсетті. Бүгінгі қорытынды жиында сөз сөйлеуге келген Ширин Абидова Орта Азия халықтары арасындағы волонтерлік қызмет бағзыдан қалыптасқан дәстүр екенін айтуда.

Ширин Абидова, волонтер, Өзбекстан:

Біз бұған дейін Түркістанда болдық. Тарихи құндылықтарға қанық болдық. Біздің барлық дәстүріміз ұқсас. Мұқтаж жандарға көмектесу, мейірімді болу, бірлікте болу біздің бабалар қалдырған баға жетпес байлық деп айта аламын. Бүгінде Қазақстанда волонтерлік қозғалыс осы дәстүрден жаңылмай жақсы дамығаны көрінеді.

Сәбит Әлдебай, тілші:

Бүгінгі таңда Қазақстанның еріктілері БҰҰ-ның түрлі құрылымдарында белсенді жұмыс істейді. Жалпы әлемде 15 жастан асқан еріктілердің саны 850 миллионнан асады. Олар еңбекке қабілетті халықтың шамамен 15% құрайды.

Хабарламаларға жазылу