Әлемде маймыл шешегін жұқтырғандар 20%-ға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде маймыл шешегін жұқтырғандар 20%-ға артты

18.08.2022

Әлемде маймыл шешегін жұқтырғандар қатары өткен аптада 20 процентке артқан. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Ақпаратқа сай, бүгінде әлемнің 92 елінде 35 мыңдай адам шешекті жұқтырып, одан 12 адам қайтыс болған. Науқастардың көбі – Еуропа мен Америка тұрғындары. Бұған қоса, вирусқа шалдығу оқиғаларының барлығы дерлік ер адамдар арасында тіркеліп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, вируспен күресте вакцина алудың маңызы зор.

Хабарламаларға жазылу