Биылдан бастап мектептегі ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылдан бастап мектептегі ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді

17.08.2022

Биылдан бастап мектептегі ата-аналар жиналысы жаңа форматта өткізіледі. Бұл туралы еліміздің оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Саналы ұрпақ - ұлт болашағы» республикалық ата-аналар конференциясында айтты. Енді мұғалім ата-аналармен «құрғақ» жиналыс жасап, баланың үлгерімін ғана айтып қоймай, оның қай пәнге қызығушылығы бар, оқу бағдарламасындағы өзі сүйіп көретін бағытын бақылап, ата-анамен бөліседі. Осылайша, ата-ана мен мектептің тығыз жұмыс істеуі арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырамыз деді министр. Себебі оқу үрдісіне ата-ананың тікелей араласуы маңызды фактор.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Бізде балалардың 60%-ы ата-аналардың олардың мектептегі өміріне араласпайтындары туралы мәлімет береді. Бұл үлкен көрсеткіш. Министрліктің алдында тұрған мақсат - ата-анамен тығыз жұмыс істеу.

Шараны «Сенімен болашақ» бірлестігі ұйымдастырып, еліміздегі ата-аналар қоғамдастығы арқылы саналы отбасы мәдениетін қалыптастыру миссиясын қолға алып отыр. Конференцияға ғалымдар, педагогтер мен психологтардан бөлек, 800-ге жуық ата-ана қатысты. Ал халықаралық ұйымдардың өкілдері кәсіби тәжірибесін айтып, семинар-тренингтер өткізді.

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу