Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады

16.08.2022

Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын да қабылдады. Қанат Шарлапаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің жартыжылдықтағы қызметі мен атқарылған жұмыстары туралы баяндады. Ірі бизнесті қаржыландыруға 143 миллиард, шағын және орта бизнеске 510 миллиард, агроөнеркәсіп кешеніне 241,3 миллиард теңге жұмсалған. Сонымен қатар, холдинг «Жасыл-Даму» АҚ қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингі бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдай бастаған. Жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысын субсидиялау тетігі енгізілді.


Хабарламаларға жазылу