АҚШ экономикасы құлдырап барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ экономикасы құлдырап барады

15.08.2022

АҚШ экономикасы құлдырап барады. Әрбір үшінші америкалықтың пікірі осыған саяды. Сауалнамаға қатысқандардың 70 пайызы Байден әкімшілігінің инфляцияны тежеу бағытындағы әрекетіне көңілдері толмайтынын айтқан. 

Бұл Вирджиния штатындағы үлкен сауда орындарының бірі. Әдетте адам аяғы үзілмейтін. Бірақ соңғы кезде сатып алушылар саны күрт азайды. Келген жұрттың өзі керек жарағын баяғыша қос-қостап алып жатқан жоқ.

Инфляцияның қырық жылда болмаған деңгейге жетуі экономиканың барлық тармағына кері әсер етті. Әсіресе қызмет саласына үлкен соққы болды.

Ұялы телефон жөндейтін шағын дүкені бар Амангелдінің қарамағында бұған дейін екі көмекшісі болды. Қазір бірнеше жұмысты өзі қатар атқаруға мәжбүр. Себебі, бұрынғыдай кезекке тұратын клиент жоқ. Адамдар телефондары толық жарамсыз болып қалмайынша көмекке жүгінбейтін болған.

Амангелді Көшербаев, «KAZ TECH» компаниясының директоры:
Инфляцияны Украинадағы соғыс тіпті ушықтырып жіберді. Байденнің мұны Путин салығы деп Ресей басшысын айыптап жүргені де содан. Десе де қымбатшылық АҚШ Президенті мен парламенттің қос палатасын да қадағалап отырған демократиялық партия үшін саяси қауіпті болып тұр. Өйткені, бұл қарашада өтетін Конгресс сайлауында электораттың таңдауына әсер етуі мүмкін.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу