Мәскеудегі Қазақстан павильоны үздік деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеудегі Қазақстан павильоны үздік деп танылды

15.08.2022

Мәскеудегі Қазақстан павильоны үздік деп танылды.

Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінде орналасқан ғимарат 2017 жылы қайтадан қалпына келтірілген. Жалпы аумағы – бес мың шаршы метрге жуық. Павильонның басты бөлігінде еліміздің тарихымен, мәдениетімен, сондай-ақ елді дамытудың стратегиялық бағдарламаларымен танысуға арналған ақпараттар ұсынылған. Бүгінде қазақ тілін үйрететін, тоғызқұмалақ, шахмат үйірмелері жұмыс істеп тұр. Бір күнде 250 мың адамға дейін тамашалайтын көрме - Мәскеудегі үздік ғимараттардың санатында.   

Хабарламаларға жазылу