«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» 1 айда 985 өтініш түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» 1 айда 985 өтініш түсті

12.08.2022

«Жер аманаты» комиссиясының жедел желісіне азаматтардан келіп түскен өтініштер саны мыңға жуықтады. Олардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге байланысты. Елді аралаған партияның мобильді қоғамдық қабылдауына тұрғындардың осыған байланысты мәселелерін тыңдады. Осы жұмыс нәтижесіндже мемлекет меншігіне ел бойынша 293 мың га жайылым жер қайтарылды.

Еске салайық, комиссияның жедел желісі осыдан бір ай бұрын іске қосылған болатын. Қазақстандықтар барлық заң бұзу фактілері бойынша экранда көрсетілген телефон нөмерлеріне хабарласа алады.

Азамат Біржанов, «AMANAT» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары:
985 өтініш келіп түсті. Оның ең көбі, әрине, 53 пайыз болып Түркістан облысынан. Содан Шығыс Қазақстан облысы, Ақмола облыстарында ең көп осындай сұрақтар келіп туындап отыр. Бұл сұрақтарды саралап қарайтын болсақ, тематика бойынша ауыстыратын болсақ, ең бастысы, әрине, жайылымдық жер телімдерін беру бойынша 62 пайыз сұрақтар мен өтініштер келіп отыр.

Ламбриан

Хабарламаларға жазылу