Оралда 7700 абонент тағы сусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда 7700 абонент тағы сусыз қалды

12.08.2022

Орал қаласында кәріз сорғы жүйесі бұзылып, төрт шағын аудандағы 7700-ге жуық абонент тағы сусыз қалды. Жаз бойы құбырларда апаттар жиілеп, су беру бірнеше мәрте тоқтады. Бұл мәселе жыл сайын қайталанып отыр. Қала суды Жайық өзені мен Трёкин жер асты көзінен алады. Жазда суды молынан пайдаланатын болғандықтан, Зачаган кенті секілді ірі аудандарда су қысымы төмендейді. Тұрғын үйлердің жоғары қабатына су мүлдем бармай қалады. Мәселені шешу үшін жаңа су көзін ашып, Камень су құбырын қалпына келтіру көзделген. Кешкісін, сорғы жүйесіндегі ақау жөнделіп, шағын аудандарға су берілді.

Миржан Сатқанов, қала әкімі:

Су мәселесі өте ауыр. Жолдан гөрі, судың мәселесі өте мүшкіл жағдайда. Қазіргі таңда КНС-18А, 19, 21-ді де жөндеп жатырмыз. Алдағы үш жылдықта суға - 20 млрд, құбырларды ауыстыруға 15 млрд теңге қаржы жұмсаймыз.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу