СҚО-да «Еңбек» бағдарламасы бойынша енді тұрғын үй салынбайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да «Еңбек» бағдарламасы бойынша енді тұрғын үй салынбайды

12.08.2022

Солтүстік Қазақстан облысында «Еңбек» бағдарламасы бойынша енді тұрғын үй салынбайды. Себебі баспана құрылысына бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Бұдан былай оңтүстіктен теріскейге қоныс аударған отбасылар үшін үй жалдауға көмек беріледі. Өңірге барған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тұрғындармен кездесіп, көпшілікті алаңдатқан сұрақтарға жауап берді. Соңғы бес жылда Солтүстік Қазақстан облысына 11 мыңнан аса адам көшіп келген. Оларға мемлекеттен жаңа баспана, көтерме ақы мен кәсіп ашуға қайтарымсыз гранттар берілді. Министрмен кездесу барысында қоғамды алаңдатқан әйелдердің зейнет жасына қатысты мәселе де көтерілді.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

339 мыңы бүгіндері экономиканың барлық салаларында еңбек етіп жүрген жандар. Олардың еңбекақысы 170 мың теңгеден асады. Олар зейнетке шық деп айтсақ, алатын қаржылары әлдеқайда төмен боп қалады. Себебі, біз ынтымақтастық жүйесіне байланысты зейнетақыны 1998 жылға дейінгі жүйемен еңбек өтілімен аламыз. Ал ол еңбек өтілі қазір азайып қалды.


Хабарламаларға жазылу