Қазақстанда сәби өлімі көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда сәби өлімі көбейген

12.08.2022

Қазақстанда соңғы бес жылда сәби өлімі ең жоғары көрсеткішке жеткен. Қайғылы жағдайлар әсіресе Алматыда көбейген. Шахар басшысы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына барды. Жыл сайын мұнда 12 мыңдай адам медициналық көмек алады. Қауіпті санаттағы 9000-нан астам әйел босанады. Алайда операциялық бөлмелерде желдету жүйесі мүлде жұмыс істемейді. Жылыту жүйелерін, кәріз құбырларын ауыстыру қажет. Шатыр мен лифтілерді жөндеу керек. Ерболат Досаевтың сөзінше бала өлімінің көбеюіне техникалық базаның ескеруі де себеп болуы мүмкін. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына келесі жылы осы проблемаларды кешенді шешу тапсырылды. Сондай-ақ әкім №22 қалалық емханаға барды. Мекеме бір ауысымда 200 келушіні қабылдайды. Яғни шамадан тыс жүктеме бар. Бұл мәселені шешу үшін Саялы шағын ауданында отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізіліп жатыр.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу