Қырымдағы алапат жарылыстардан Ресейдің 11 әскери ұшағы жойылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырымдағы алапат жарылыстардан Ресейдің 11 әскери ұшағы жойылған

11.08.2022

Қырымда сейсенбі күні болған алапат жарылыстардан Ресейдің шамамен 11 әскери ұшағы жойылғаны туралы спутниктен түсірілген суреттер жарияланды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл шабуылды Украин армиясы жасаған. Алайда, Ресей өз әуе техникасының қирағанын жоққа шығарып, оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болғанын мәлімдеді. Киев болса, жарылыстар үшін ресми түрде мойнына жауапкершілік алған жоқ.

Соңғы мәліметке қарағанда, ресейлік аэродромда болған жарылыстардан 1 адам қаза тауып, 14-і жараланған және 60 көпқабатты үй мен 20 коммерциялық нысан бүлінген.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу