Еліміздегі зертханалардың қондырғылары ескірген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі зертханалардың қондырғылары ескірген

11.08.2022

Еліміздегі зертханалардың 30 пайызы ескірген. Тіпті сонау өткен ғасырдың орта кезеңінен бері сынақ жүргізіп келе жатқан қондырғылар бар. Ұлттық акредиттеу орталығының өкілдері оларды жаңартып, автоматтандырылған, заманауи тәсілді қолдану керек дейді. Өйткені көптеген мекемелердің қызмет көрсету сапасы сын көтермейді. Еліміздегі 900-ге жуық зертхана аккредиттелген. Бірақ былтыр акредиттеу орталығы талапқа сай келмеген 7, биыл 10 орталықтың аттестатын қайтарып алды. Әсіресе ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнімдеріне сынақ жүргізуге қатысты заңбұзушылықтар тіркелген. Оның үстіне Қазақстанда жүргізілген сынақ нәтижелерімен шетелдегі сараптама қортындысы сәйкес келмеген жағдайлар да бар. Зертханалардың 2-3 пайызы ғана импорттаушы елдердің талабына сай келеді. Бұл олқылықтарды реттеу үшін саланы толық бақылауға алып, зертхана қызметін жаңғырту міндеті тұр.

Алмат Орынғалиұлы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» әдіснама және нормалау департаментінің басшысы:

Жоғары қажеттілік туындап тұрған құрылғыларды алсақ 1 млрд долларға дейін қаражат керек. Модеринизацияның қажеттілігі сол зертханалардың беріп жатқан нәтижелерін салыстыра білу. Олардың құрылғылары автоматтандырылған болса беріп жатқан құжаттың сәйкестігін білу. Егер сәйкес келмесе аккредиттеу аттестатын қайтарып алу. Протокол беру, сертификат беру жұмыстарын тоқтатып тастау.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу