«Amanat» партиясы азық-түлік картасын енгізуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясы азық-түлік картасын енгізуді ұсынды

10.08.2022

«Amanat» партиясы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік картасын енгізуді ұсынды. Партия мүшелері ел аумағындағы 2 мыңға жуық сауда нысандарын тексеріп шыққан. Азық-түлік тауарлары тізбесі бойынша бағаның ең жоғары өсімі 5 өңірде байқалды.Олар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстары. Мәселен Маңғыстау облысында қырыққабат –117%-ға, сәбіз – 60%, пияз – 35%-ға қымбаттаған. Бұл Үкімет бекіткен шекті бағадан әлдеқайда артық. Ал, Қарағанды облысында қанттың бағасы 30%-ға өскен. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов әкімдіктердің «айналым жүйесі» арқылы сауда нысандарына қарыз беруі - тиімсіз тәсіл екенін атап өтті

Аманжан Жамалов, Мәжіліс депутаты:

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «айналым схемасының» тиімділігіне күмән келтірді. Сондықтан тиімді шешім табуды тапсырды. Соған қарамастан, «айналым схемасы» жұмысын жалғастырып жатыр. Ешқандай жаңа шешім естіген жоқпыз.

Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу