Рухани келісім күніне орай «Астана Опера» театрында мерекелік концерт өтті. Өнер ордасына жиналған қауым Моцарттың «Реквиемін» тыңдап қайтты.
Ұлтаралық татулық пен рухани келісім күні осымен 22-ші жыл тойлануда. Дәстүрге айналған шараға жыл сайын жиырмаға жуық елден делегаттар жиналады. Оның ішінде Ресей, Дағыстан, Австралия мен Америка елдерінің өкілдері бар.
Осы жолы 2 күнге созылған мереке конференциядан басталып, соңы концертке ұласты. Сондай-ақ, шара аясында бес жүзге жуық соғыс және еңбек ардагеріне арнайы сый-сыяпат көрсетілді.
Әлия ӘШІМ