Қазақстан қытайлық көрерменге кеңінен таныстырылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қытайлық көрерменге кеңінен таныстырылмақ

18.10.2014
Қазақстан қытайлық көрерменге кеңінен таныстырылмақ

Қазақстан қытайлық көрерменге кеңінен таныстырылмақ. Қытайда ең көп көрермен жинаған бағдарламалардың бірі – «Әлемге киносаяхат» жобасын жүзеге асырушылар елімізге келіп, біз туралы көп сериалды деректі фильм түсірмекші.

Бұған дейін арнайы шығармашылық топ Америка, Африка, Еуропаны аралап 72 мемлекетте болып қайтқан болатын. Бағдарламаның биылғы маусымдағы нысанасына Орталық Азия елдері ілініп отыр.

Қытайлықтардың айтуынша бұл бағыттағы сапар, осы өңірдегі ең қарқынды дамушы ел – Қазақстаннан басталмақшы. 

Екі апта ішінде киногерлер Алматы, Астана қалалары мен бірнеше облыстарды аралап, еліміз туралы әрқайсысы 20 минуттан тұратын 5 сериялы фильм түсіреді.

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу