Елордада «Мәңгілік елдің алтын адамы» қойылымы сахналанды. Авторы белгілі ақын, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Иран-Ғайыптың айтуынша бұл шығарманың әсіресе жастарға берер тәрбиелік мәні орасан, бірлікке, ынтымаққа баулиды.
Шығарма бұдан 25 жыл бұрын Сыр өңіріне белгілі «Қазына» деген дастанның ізімен жазылыпты.
Қойылымды ойдағыдай көрсетіп,көрерменнің көңілінен шығу үшін 2 айдан астам уақыт дайындыққа кетіпті. Спектакльге барлығы 40 тан астам актер қатысады.
Елордалық көрермен жоғары бағасын беріп отыр. Ал, театр ұжымы «Мәңгілік елдің алтын адамын» өзге өңірлермен қатар, шетелге де шығаруды жоспарлауда.
Индира БЕГАЙДАР