Солтүстіктің басым бөлігінде жауын-шашынсыз көшпелі бұлт шығады. Петропавл мен Көкшетауда ауа температурасы күндіз 0-ден 24, түнде 14 градус жоғары. Қостанайда күндіз 29 градус ыстық, түнде 16 градус жылы. Павлодарда синоптиктердің болжамы бойынша, күн күркіреп, жаңбыр жауады. Күндіз +23, түнде +13. Қарағандыда да жауын жаумақ. Күндіз 19, түнде 15 градус жылы. Жезқазғанда күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз нөлден 23, түнде 16 градус жоғары. Семейде жаңбыр жаууы мүмкін. Термометр бағаны күндіз +33, түнде +20 градусты көрсетеді. Өскеменде керісінше, жауын-шашынсыз көшпелі бұлт шығады. Күндіз 34 градус ыстық, 16 градус жылы.
Батыста негізінен күн ашық. Оралда ғана көшпелі бұлт шығады. Күндіз 34 градус ыстық, түнде 22 градус жылы. Атырауда ауа температурасы күндіз нөлден 35, түнде 26 градус жоғары. Ақтөбеде күндіз +31, түнде +18. Ақтауда күндіз 33 градус ыстық, түнде 26 градус жылы. Күнгейде де күн күлімдейді. Тек Талдықорған мен Қонаевта жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы нөлден 33, түнде Талдықорғанда 19, Қонаевта 21 градус жоғары. Қызылордада сынап бағанасы күндіз 29 градус ыстықты, түнде 20 градус жылыны көрсетеді. Түркістанда күндіз +31, түнде +20. Таразда термометр бағаны күндіз нөлден 30, түнде 17 градус жоғары.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз 31 градус ыстық, түнде 19 градус жылы. Алматыда жаңбыр жаууы ықтимал. Сынап бағанасы күндіз +28, түнде +19 градусты көрсетеді. Нұр-Сұлтанда да жауын жаумақ. Ауа температурасы күндіз нөлден 21, түнде 14 градус жоғары.