Жетпіс жыл сақталған Қажымұқанның көйлегі. Атақты палуан киген тарихи көйлек қазір Көкшетау қаласының тұрғыны Рахат Барысұлының үйінде сақтаулы тұр. Қажымұқан Мұңайтпасұлы өлім аузында жатқан кешегі сәби, ал, бүгінгі Рахат қарияны өз көйлегімен орап, жанын аман алып қалған деседі.
Қажымұқанның кіндік баласы Рахат алпыстың тоғызында. Бұған дейін әкесі Барыс пен анасы Ақбөпеде бала шетіней берген. Рахат туғанда да қайран әке-шеше аңырай жаздапты. Сәбиді қатты сырқат қысқан.
Сол уақытта Қажымұқан келіп, батасын беріп, көйлекке мені екі-үш рет салып, сосын көйлегін шешіп, орап, әкеме «балаң өлмейді, тойыңды бастай бер», деген. Сол жерде отырған кемпір-шалдар, дәрігер бәрі таңғалған.
Тарихи жәдігерге «құда түсіп» талайы келген. Бірақ, Рахат қарияның киімді оларға табыстауға ықыласы жоқ. «Алып көйлек талан-таражға түсер» деп қауіптенеді.
Мейіржан ӘЛІБЕКҰЛЫ