Андорра Қазақстанмен туризм саласын дамытуға мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Андорра Қазақстанмен туризм саласын дамытуға мүдделі

04.08.2022

Андорра Қазақстанмен туризм саласын дамытуға мүдделі. Енді екі ел арасына қатынау үшін визаның қажеті жоқ. Бүгін Үкімет басшысының орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Андорра Сыртқы істер министрі Мария Убахпен кездесіп, визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды .

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-министрінің орынбасары- Сыртқы істер министрі:
Қазақстан мен Андорраның БҰҰ және Еуропалық қауіпсіздікпен ынтымақтастық ұйымы аясында ынтымақтастығы жемісті дамып келеді. Еуропа кеңесі парламент ассамблеясы алаңдарында парламентаралық байланыста дамуда.
Мария Убах, Андорраның Сыртқы істер министрі:
Кездесу барысында біз екі ел арасындағы туризмнің моделін қалыптастыру тетіктерін талқыладық. Қазақстандағы Шымбұлақ тау кешені Андорранікіне қатты ұқсайды. Оны мен күні кеше Алматыға жасаған сапарымда байқадым. Алдағы уақытта тәжірибе алмасамыз деп сенемін.


Хабарламаларға жазылу