Атырау облысында «Ауыл аманаты» жобасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында «Ауыл аманаты» жобасы таныстырылды

04.08.2022

Атыраулықтарға «Ауыл аманаты»  жобасы таныстырылды. Қанат қақты бастама ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Ақпараттық марафонды “Аманат” партиясының мобильді тобы атқарды. Олар кездесуге келген тұрғындарға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыз болатын жеңілдетілген несие жөнінде, кооперативті құру жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған жоба Жылыой, Мақат, Махамбет және Индер аудандарының тұрғындарына кеңінен таныстырылады. Жобаның алғашқы сатысына сәйкес, еліміздегі барлық ауылдық округ әкімдері арнайы курстан өткен. Марафон барысында «AMANAT» партиясының мүшелері 179 аудандағы 394 елді мекенге баруды көздеп отыр.

Амандық Әбуов, «Ауыл аманаты»  жобасының сарапшысы:

Атырау облысындағы аудандарда негізгі ауыл тұрғындарының тарапынан ұсынылып отырған ұсыныстар, пікірлер, олардың барлығы - су тапшылығы. Су тапшылығы болғандықтан мал шаруашылығымен, басқа да ауыл шаруашылығының кәсіп түрлерімен айналысу қиындыққа соғып жатыр. Біздің негізгі келудегі мақсатымыз - тек таныстырып қоймай, ауыл тұрғындары ұсынып отырған барлық ұсыныстарын, наразылықтарын үкіметке хабарлау.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу