«Жобалық менеджмент» ұлттық байқауына өтінім беру мерзімі 15 тамызға дейін ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жобалық менеджмент» ұлттық байқауына өтінім беру мерзімі 15 тамызға дейін ұзартылды

03.08.2022

«Жобалық менеджмент» ұлттық байқауына өтінім беру мерзімі 15 тамызға дейін ұзартылды. Мемлекеттік қызметті заманауи стандарттармен үлестіру мен халықаралық тәжірибенің үздік компоненттерін пайдалануды көздейтін шара биыл 3-ші рет ұйымдастырылады. Оған еліміздің кез келген мемлекеттік немесе жекеменшік ұйымдары қатыса алады. Жеңімпаздар «Жылдың үздік жобасы», «Жылдың үздік жоба менеджері» және «Жылдың үздік жобалық кеңсесі» атты негізгі үш номинация бойынша анықталады. Айта кетейік, аталмыш байқау халықаралық қоғамдастықтың жоғары бағасына ие болып, дүниежүзілік жобалар байқауының алтын жүлдегері атанды.

Ерлан Әбіл, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры:

Осы күнге дейін 171 өтінім келіп түскен. Оның көпшілігі мемлекеттік органдардан. Сонымен қатар біз бизнестен де, ЖООнан да өтінімдер әлі түсуде. Мықты-мықты деген жеңімпаздарымыз үлкен мінберге шығып «Алтын сапа» байқауында біз табыстайтын боламыз.

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу