«Qazsport» телеарнасы дзюдодан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazsport» телеарнасы дзюдодан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

03.08.2022

4-7 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жарыста 14 салмақ дәрежесі бойынша (7 ерлер, 7 әйелдер) жеңімпаздар мен жүлдергерлер анықталады.

Қазақстан құрамасының атынан қатысатын палуандар:

Ерлер: Мағжан Шамшадин (60 келі), Бауыржан Нарбаев (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерлан Серікжанов (73 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Дидар Хамза (90 келі)

Нұрлыхан Шархан (-100 келі), Ислам Бозбаев (-100 келі), Әділ Оразбаев (+100 келі)

Әйелдер: Абиба Абужақынова (48 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Гаухар Ирмагамбетова (52 келі), Севара Нышанбаева (57 келі), Мөлдір Нарынова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Аруна Жангельдина (-78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі), Назгүл Маратова (+78 келі).

Қалыптасқан ереже бойынша, жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай сандары қосылады. Жеңімпаз 700 ұпай, күміс жүлдегер 490, қола жүлдегер 350 ұпай еншілейді.

Азия чемпионатын www.qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан онлайн көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу