«Оңтүстіктен-Солтүстікке» бағдарламасымен көшуге ниет білдіргендер көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оңтүстіктен-Солтүстікке» бағдарламасымен көшуге ниет білдіргендер көп

03.08.2022

Атамекенге көшіп келген қандастарды қабылдауда Қостанай облысы көш бастап келеді. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан мәліметке сай - жыл басынан бері 1147 отбасы осы аймаққа қоныс аударған. Ал «Оңтүстіктен –Солтүстікке» бағдарламасы арқылы көшіп келуге ниет білдірген азаматтардың саны 3800 ден асып отыр. Олардың бес жүзден астамы сырттан келген қандастар. Көшіп келушілерді тұрақты жұмысқа тарту көрсеткіші артып, 65 пайыздан 81 пайызға жеткен.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу