Әскер қатарындағы сарбаздар енді цифрлық білезік тағады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскер қатарындағы сарбаздар енді цифрлық білезік тағады

02.08.2022

Әскер қатарындағы сарбаздарды да қадағалау күшейтіледі. Енді олар цифрлық білезік тағады. Бұл - борышын өтеушінің жүрген жерін, жүрек қағысын қадағалап отыру үшін қажет. Сондай-ақ сарбаздың суицидке бейімдігінен де хабар береді. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Әскери салада инфрақұрылымдық техникалардың ескіргені де назардан тыс қалмады. ІТ мамандар тапшы. Вице-министрдің айтуынша бөлімшелер тозығы жеткен техникаларды пайдалануға мәжбүр.

Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Инфрақұрылым проблемасы бар. Компьютерлер, серверлер, комутаторлардың көбісі ескірген. Мұны мойындауымыз керек. Соңғы үш айда оншақты әскери бөлімді аралап шықтым. Солардың ішінде 10-15 жыл бұрын қолданыстан шыққан «Pentium III»-пен жұмыс істеп отырғандар бар. Ол да бір үлкен мәселе.


Хабарламаларға жазылу