«Қорқыт» тарихи телехикаясына кастинг жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорқыт» тарихи телехикаясына кастинг жарияланды

02.08.2022

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Қорқыт» тарихи телехикаясына кастинг жариялайды.

Түркі елдеріне ортақ аңыз тұлға, жырау, қобызшы Қорқыт ата туралы телехикая түсіріледі. Осы орайда тарихи тұлғаның өмірі жайлы 4 бөлімнен тұратын көркем туынды актерлеріне кастинг жарияланады. Басты кейіпкер Қорқыт рөліне 15 пен 40 жастағы ер-азаматтар, қарт Қорқыт рөліне 70 жас шамасындағы ер адам, сондай-ақ қосалқы рөлдерге 25-40 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатыса алады.

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты 15 тамызға дейін casting@qazaqstan.tv электронды поштасына жолдауы тиіс.


Хабарламаларға жазылу