Көкшетауда нөсер жауын салдарынан 50 баспананы су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда нөсер жауын салдарынан 50 баспананы су басты

01.08.2022

Көкшетауда нөсер жауын салдарынан су басып қалған баспаналардың саны 50-ге жетті. Олардың иелеріне бірреттік көмек көрсетіледі. Яғни 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Бұл жағдайда қосалқы шаруашылық нысандары есепке алынбайды. Алдағы уақытта зақымданған баспана саны ұлғаюы мүмкін. Себебі арнайы комиссия - әлі жұмыс істеп жатыр. Қалалық әкімдікке барлығы148 өтініш келіп түскен. Ал шығын - қарастырылған қаржыдан асып кетсе, жәрдемақы қанша көлемде төленетіні белгісіз, - дейді қалалық әкімдіктегілер. Естеріңізге салайын, Көкшетауда жұмадан сенбіге қараған түні нөсер жауын болған еді. Бір айлық көрсеткіштен көп жаңбыр жауды.

Бауыржан Ерназаров, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары:

159 мың теңге мөлшерінде көмек беріледі. Енді былай атқанда, жаңағы комиссиямен анықтап, акт жазып, қандай мүліктеріне зиян келтіргенін жазып шығады. Сосын тиісті комиссия соған қарап шешім қабылдайды деп ойлаймын.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу