Халықаралық IV жас суретшілер байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық IV жас суретшілер байқауының жеңімпаздары марапатталды

14.10.2014
Халықаралық IV жас суретшілер байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстандағы Беларусь елшілігі ұйымдастырған сайысқа 26 елден 31 мың бала қатысып, бағын сынады.

Қазақстан, Армения, Венгрия, Индонезиядан барған балғындар асыл армандарын, өз ойларын графика арқылы өрнектеп жеткізді.

Жүзден жүйрік шыққан 41 жеңімпазды Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісінің жары - Юлия Ничкасова құттықтап, дипломдар мен сыйлықтарын табыс етті.

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу