Қазақстан еркін күрес және таэквандодан әлем чемпионатында 15 алтын алды
Еркін күрестен Италияда өтіп жатқан әлем чепионатында Дарын Әскербек екінші алтынды ел қоржынына салды. Дарын 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Америкалық Джаксен Патрик Форресттен басым түсті. Еске саламыз бұған дейін тағы бір жерлесіміз Камил Куруглиев венгриялық палуанды 11:0 есебімен жеңген еді. Ал таэквандошыларымыз Болгарияда өткен әлем чемпионатында 14 алтын медаль алды. 12 жастағы алматылық Әділет Марыпбек финалда өзінен 20 келіге ауыр Америкалық спортшыны жеңді. Әлемдік аренада ел намысын асқақтатқан жасөспірім елге оралды. Оны әуежайдан туған-туыстары мен жақындары қошеметпен қарсы алды.
Әділет Марыпбек, Таэквондодан әлем чемпионы:
Басында америкалық спортшымен шығуға жүрексіндім. Өйткені оның салмағы менен әлдеқайда ауыр болды. Десе де намысқа тырысып бар күш-жігерімді жұмсадым. Нәтижесін көріп отырсыздар. Бұл жеңісті еліме арнаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44