Қазақстан қор нарығында доллар тағы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қор нарығында доллар тағы арзандады

29.07.2022

Ұлттық валюта нығайып келеді. Қазақстан қор нарығында доллар тағы арзандады. Бүгінгі сауда-саттықта америка валютасының бағамы 1 теңге 79 тиынға төмендеді. Еуро 9 теңге 40 тиынға арзандаған. Ал рубль айырбастау орындарында 7 теңгеге саудаланып жатыр. Ұлттық банктің мәліметіне қарағанда, маусымда доллар сатып алу қарқыны бәсеңдеген. Өткен айда халық 91 млрд теңгеге шетел валютасын сатып алды. Мамырмен салыстырғанда шығын 2,7 есе төмендеген. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу