Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу 1,5 жылға дейін ұзаруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу 1,5 жылға дейін ұзаруы мүмкін

29.07.2022

Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеуді 1,5 жылға дейін ұзарту қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры осындай ұсыныс айтып, әлеуметтік кодекс бойынша жұмыста осы мәселені қарастырып жатқанын хабарлады. Елімізде ата-аналар бала тууына байланысты 38 АЕК яғни 110 мың теңгеден аса бір рет жәрдемақы алады. Ал төртіншісін немесе одан да көп баланы дүниеге әкелсе, 150 мың теңгеден аса ақша беріледі. Биыл мұндай төлем 200 мың адамға тағайындалған. Дегенмен жәрдемақы бала бір жасқа толғанға дейін ғана төленеді. Сондықтан мамандар отбасының әлеуметтік жағдайын ескеріп, мемлекеттік қолдау мерзімін ұзарту мәселесін қарастырып жатыр. Қандай шешім қабылданатыны Әлеуметтік кодекс бойынша жұмыс аяқталғанда белгілі болмақ. 

Хабарламаларға жазылу