Құс фабрикасынан 50 балапан мен 12 қап жем ұрлаған тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құс фабрикасынан 50 балапан мен 12 қап жем ұрлаған тұрғын ұсталды

27.07.2022

Қостанай облысында полиция қызметкерлері тауық балапанын ұрлаған ауыл тұрғынын ұстады.

Оқиға Қарабалық ауданындағы Гурьянов елдімекенінде болған. Түнде жарықсыз жүріп келе жатқан «Нива» көлігі полицияның күдігін тудырыпты. Оны тоқтатқанда жүргізушісі түсе салып жаяу қашқан. Алайда көп ұзамай қолға түсті. Тексере келгенде 40 жастағы жергілікті тұрғын өзі жұмыс істейтін құс фабрикасынан 50 балапан мен 12 қап жем ұрлағаны анықталды. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу