Атырау облысында жантүршігерлік апаттан үш адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында жантүршігерлік апаттан үш адам көз жұмды

25.07.2022

Атырау облысында жантүршігерлік көлік апатынан үш адам жан тапсырды.

Қайғылы оқиға республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тасжолының 19-шақырымы тұсында болды. «Toyota Prada» мен «ВАЗ» автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. Ал «Toyota Prada» темір тұлпарын тізгіндеген 27 жастағы әйел адам аман қалды. Тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, өңірде соңғы 6 айда жолдағы апаттан 40-тан аса адам опат болды.

Хабарламаларға жазылу