Тұңғыш алтын: отандасымыз жеңіл атлетикадан чемпион атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш алтын: отандасымыз жеңіл атлетикадан чемпион атанды

21.07.2022

Қазақстан тұңғыш рет жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль алды. 

Орегонда өтіп жатқан дүбірлі додада әйелдер арасында 3 мың метрге кедергілермен жүгіру жарысының финалы өтті. Жарыстың негізгі фавориттерінің бірі - Қазақстан өкілі Нора Джеруто болатын. Ол белгіленген қашықтықты 8 минут 53 секундта бағындырып, жеңімпаз атанды.

Бұл алтын медаль Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы бірінші алтыны. Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью, ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе жеңіп алды.


Хабарламаларға жазылу