Ұлттық арна УЕФА конференция лигасын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна УЕФА конференция лигасын тікелей эфирде көрсетеді

20.07.2022

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары УЕФА Конференция Лигасындағы қазақстандық клубтардың төрт ойынын тікелей эфирде көрсетеді. Ала доп бәсекесі ертең басталады. Кешкі сағат 17:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде петропавлдық «Қызыл-Жар» футбол клубы хорватиялық «Осиек» командасымен кездеседі. Ал сағат 19:50 де Қостанайлық «Тобыл» гибралтарлық «Линкольн Ред Импс» ұжымын қабылдайды. Ал Алматы орталық стадионында «Қайрат» венгриялық «Кишварданы» қабылдайды. Ойын 19:50 де Ұлттық арна эфирінен көрсетіледі. Сондықтан жаңалықтар уақыты 19:30 ға жылжып отыр. Түнгі сағат 1 де Польшалық «Ракув» өз алаңында «Астана» клубымен кездеседі. Барлық матчтарды qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайттарынан онлайн көруге де мүмкіндік бар.

Дархан Рахымжан  

Хабарламаларға жазылу