Шығыстағы орта мектептер мен балабақшалардың 80%-ы мемлекеттік аттестациядан өтпей қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы орта мектептер мен балабақшалардың 80%-ы мемлекеттік аттестациядан өтпей қалды

20.07.2022

Шығыстағы орта мектептер мен балабақшалардың 80 пайызы мемлекеттік аттестациядан өтпей қалды. Бұл туралы білім сапасын қадағалайтын аймақтық департаментінің жетекшісі хабарлады. Департамент қызметкерлері биыл өңірдегі 167 орта мектеп пен балабақшаны тексерген. Нәтижесінде тек 16 оқу орны ғана 100 пайыз талапқа сай болған. Қалған мектеп,балабақшар білім беру стандартына сай келмейтіні анықталды. Мәселен кейбір химия, физика және еңбекке баулу кабинеттерінде тәжірибе жасауға арналаған қажетті құралдар да жоқ. Тексеру барысында кейбір мұғалімдердің дәріс беретін пәні бойынша білім деңгейі ортадан да төмен болып шыққан. Білім сапасын қадағалауға жауапты қызыметкерлер жаңа оқу жылы басталғанға дейін әр мектеп- балабақшаға анықталған кемшілікті жою жөнінде хаттама жіберген.

Зейнеп Мақсұтова, Облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Мемлекеттік аттестацияның қорытындысы бойынша біз әр мектеппен,әр білім беру ұймымымен аталған бұзушылықтарды жою үшін өзіміз мерзім қоямыз.Бір айдан, бір бір жылға дейін.


Хабарламаларға жазылу