Алматыда металл өңдеу цехы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда металл өңдеу цехы өртенді

15.07.2022

Өрт сөндіру бөліміне шұғыл хабарлама таңғы сағат 7-де аудан тұрғынынан келіп түскен. Мамандар оқиға орнына алты минутта жетіп, түсті металлды ерітетін электр трансформаторының жанғанын анықтады. Қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты шарпып, цехтің шатырын да шарпыған. Екі сағат дегенде әрең өрт сөндірілді. Құзырлы органдар оқыс оқиғаға қатысты іс қозғады.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу