Қомақты қаражатты заңсыз шетел асырған 56 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қомақты қаражатты заңсыз шетел асырған 56 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

13.07.2022

Қомақты қаражатты заңсыз шетел асырған 56 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар 440 млрд теңгені елден шығарған. Қаржының көп бөлігі Қытайға аударылған. 12 млрд теңге қосымша салығы тағы бар. Бүгінде 29 іс жүргізіліп, 270 млрд теңгеден астам сомадағы операциялар жасалғаны анықталды. Капиталды қайтару бойынша Үкімет құрған комиссия жұмыс істеп жатыр. Салық органы 2019-2021 жылдар аралығында активтердің сыртқа шығуына талдау жасаған. Қорытындысын қаржылық мониторинг агенттігіне өткізді.

Айнұр Сартаева, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:

56 тұлғаның ішінде 50 тұлғасына алаяқтық фактісі бойынша, ал қалған 6 жеке тұлғаға қатысты репотрация, яғни ақшаны аударады шет елге, бірақ тауар алмаған деген күдікпен материалдардың барлығы тиісті құқық қорғау органдарына берілді.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу